Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттіктер Жолдаудағы бастамаларды зейін қойып тыңдады

Шымкенттіктер Жолдаудағы бастамаларды зейін қойып тыңдады

Бүгін еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауын Шымкент қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, қала әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ басқарма басшылары, әкімдік қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері жергілікті белсенді тұрғындармен бірлесе отырып тыңдады.

Бұл туралы  aptanews.kz сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ мұнда бюждет саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен қоғамдық бірлестік өкілдері, кәсіпкерлер болды. Дәстүр бойынша, Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылды.

Бүгінгі Жолдаудан қарапайым халық өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды. Мәселен, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, мұғалімдерге, шағын және орта бизнес өкілдеріне көп жеңілдік пен мүмкіндік жасалмақ.

Жиын барысында Президент Жолдауына қолдау білдірген шымкенттіктер өздерінің ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Пікір жазу