Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 1

Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 1

Келер 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ. Шырайлы шаһардың өткені мен бүгіні жайлы тарихи — ғылыми дерек ретіндегі жәдігерлерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, рухани мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме – музей мен архив.

Осы орайда ұлттық тарихымыздың  қатпар — қатпар қазынасынан сыр шертетін құнды жәдігерлер сақталған Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне ат басын бұрғанбыз.

Шымкент қаласының ортасынан орын тепкен музей қорында 100 мыңнан астам жәдігерлер жинақталған. Осындай мыңдаған тарихи құнды дүниелердің ішінде ілуде бір кездесетін жәдігерлерді де көріп, ерекше әсер аласың. Атап айтсақ, музейге келушілерді қызықтырып һәм таңдандыратын, ерекше назар аудартатын құнды жәдігер – Кенесары Қасымұлының қылышы.

Қылышты 1931 жылы Кенесары ханның немересі Әзімхан Кенесарин өткізген. Темірден жасалған, сабы сүйектен, қынабы былғарыдан. Ұзындығы – 70 см, сабы – 15 см, жүзінің ені – 3-4 см. ХІХ ғасырда бір жүзді болып соғылған, сыртына қарай қайқы болып келетін қылыш.

(Жалғасы бар …)

М.Кенжебай

Пікір жазу