(Жалғасы )
Жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Думан Рамазан «Хан Кененің қылышы» атты мақаласында Кенесары Қасымовтың мылтығы мен сауыты, қылышына қатысты тың деректерді алға тартады. «Кейінгі жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде Кенесары хан туралы аз жазылған жоқ. «Хан сүйегін іздестіру» жорығы аясында жарияланған мақала-материалдарды айтпағанның өзінде, хан Кененің мылтығы мен сауыты жөнінде келелі әңгімелер қозғалған-ды.
Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Омбы облыстық өлкетану мұражайынан ханның мылтығын көргендігін тілге тиек етсе, талантты ғалым Кенжехан
Матыжан Кенесары Қасымұлының сауыты туралы әңгіме айтқан-ды. Сауыт бір кездері Қазақстан Республикасының Орталық музейге тапсырылыпты. Бір қызығы – сол сауыт қазір жоқ.
Орталық музей басшылығының айтуы бойынша, пайдалануға жарамсыз болғандықтан есептен шығарылған. Содан ұшты-күйлі жоқ. Жоғалған… Жақында Орталық музей директорының бұрынғы орынбасары, қазіргі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының директоры Кенжехан Матыжан тағы бір жағымды жаңалық айтты. Орталық музейге өткізілген Кенесары сауытының суреті мен тіркеу құжаттарын тауыпты.
(Жалғасы бар …)
М.Кенжебай