Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 4

Хан кененің қолының табы, жауының қаны сіңген қылыш — 4

(Жалғасы )

Әзімхан Кенесариннің қысқаша өмірбаянынан ұққанымыз, ол оқыған-тоқығаны бар, көкірегі ояу, көзі ашық кісі болған. Ендеше, бұндай адамның бүйректен сирақ шығарып, жоқтан бар жасауы мүмкін емес. Туған немересінің атасының затын білмеуі, танымауы, шатастыруы тіптен мүмкін емес. Сондықтан бұл қылыштың Кенесарынікі екеніне ешкімнің дауы болмаса керек.

Кенесары ханның белінен қылышын тастамайтыны туралы жазба деректер бар, бірақ оның қылышы туралы нақты сипаттама беретін тарихи құжаттар жоқ. Ханның қылышы біреу болмасы да белгілі. Кенесары әскерінің ерекше белгілері туралы сол заманның өзінде Күрен Абылаев мырза былайша сипаттайды: «Бұл бүлікшілердің бәрі кеуделеріне үш қатар қызыл бау тағып алған.

Сыйлы адамдар мен әскербасылар қызыл қынапты қылыш асынған. Ал Кенесарының өзі орыс полковнигінің әпелетін таққан». Міне, осы жазбадан-ақ Кенесары ордасындағы сыйлы адамдар мен әскербасылар қызыл қынапты қылыш асынғанын білуге болады. Ендеше, Кенесарының қызыл қынапты қылыш ұстауы тарихи шындыққа бір табан жақындай түсетін сияқты.

 

(Жалғасы бар …)

М.Кенжебай

Пікір жазу