Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте судьялар тағайындалды

Шымкентте судьялар тағайындалды

Шымкент қаласында судьялар тағайындалды. Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұхтар Пәрменов Шымкент қалалық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес тағайындалған судьяларды таныстырды.

Бахтияр Патшаханұлы Насридинов Шымкент қалалық сотының судьясы болып тағайындалды. Малик Алмазұлы Майсаканов Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып қызмет атқарады.

Ал Дәурен Түсіпханұлы Сайханов Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Жиында құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұхтар Абайұлы жаңадан тағайындалған әріптестеріне сәттілік тілеп, сот төрелігін сапалы жүзеге асыруды тапсырды.

Жаңдан тағайындалып отырған су жаңа судьяларға біз де сәттілік тілеп, ел үшін бар күшін салып, аянбай, адал қызмет етулерін тілейміз.

Пікір жазу