Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте жаз айларында жедел-құтқару бекетінде 100 құтқарушы жұмылған

Шымкентте жаз айларында жедел-құтқару бекетінде 100 құтқарушы жұмылған

Жаз айларында қала тұрғындары мен қала қонақтарының ауііпсіздігін барынша қамтамасыз ету м ақсатында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жаз» акциясы ауқымды түрде жалғасын табуда.

Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қала бойынша құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатындағы 9 жедел-құтқару бекетінде 100 қызметкер жұмылдырылған,- деді Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі бастығының орынбасары Орынбасар Төртбаев.

Жедел құтқару жасағаның басшысы Орынбасар Құлманбетұлының құтқарушылықпен тікелей айналысып жүргеніне биыл 22 жыл толып отыр.

Қаламыздың кез келген жерінде басқа сүңгуірлермен бірге тәулігіне 24 сағат бойы көмекке келуге даяр ол су тасқыны, табиғи апаттар, өрт секілді төтенше жағдайда да алғаш боп көмек қолын созады. Тілсіз жаумен арпалысып, төтенше жағдайда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барын салады.

– Суға батқан, тауда адасқандарды іздеу жұмыстары қиындық тудырады. Жол-көлік оқиғалары орын алғанда да адамдар қысылып немесе көлік сынды ауыр заттың астында қалып қойса, жедел жәрдемнен бұрын баратын біз. Мұндайда санаулы секундтар өте үлкен рөл ойнайды. Табанды болу керек! Осы жылдар арасында 20-дан астам адамды ажалдан арашалап қалыппын.

Бір әттеген-ай дейтінім, қиын кезде адамдарға қол үшін бере алмай қалатынымыз бар. Ата-анасы жүруді үйренген баласына суда жүзуді де үйретсе, шомылу кезінде қайғылы оқиғадан сақ болар еді, — дейді Орынбасары Құлманбетұлы.

Жедел құтқару жасағының басшысы тұрғындарға суда жүзгенде мұқият болып, тауға шыққанда абай болуға, ал көлік жүргізу мен басқа да жұмыстар барысында қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады. Адамдар масаң күйде рөлге отырып, суға түспесе екен, дейді.

 

Пікір жазу