Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 22 МЫҢҒА ЖУЫҚ БҮЛДІРШІН АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 22 МЫҢҒА ЖУЫҚ БҮЛДІРШІН АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бүлдіршін алғашқы рет мектеп табалдырығынан аттап басады. Өскелең ұрпаққа сапалы білім беру мақсатында оқу жылына 4 жаңа мектеп құрылысы аяқталып және 1 мектеп қосымша оқу ғимаратымен толықты.
Солардың бірі Абай ауданына қарасты «Қызылжар» мөлтек ауданында бой көтерген мектеп. Бұл оқу орны 900 орынға есептелген.


Мектептің ашылу салтанатына қала әкімі Ерлан Айтаханов, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов, мәслихат депуттары, зиялы қауым өкілдері, ата-аналар, БАҚ өкілдері қатысты.

Білім күніне орай пайдалануға берілген мектептің ашылу салтанатында қала әкімі Ерлан Айтаханов ұстаздар қауымы мен оқушыларды құттықтады.

— Егемендік алғалы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың тəрбиесіне барынша көңіл бөлді. Бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастарға сапалы білім беруді басты назарға алған.
Міне, сол мақсатта қажетті құрал-жабдықпен жасақталған, заман талабына сай жаңа мектептер салынды. Биылғы жаңа оқу жылын Шымкент қаласының білім саласы 144 мемлекеттік жəне 17 жекеменшік мектеппен бастап отыр. Бүгін 21 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаса, жалпы, 200 мыңнан аса оқушы орта білім алмақ. Осы игі іс жалғасын тапсын! Жаңа оқу жылы құтты болсын! — деді қала əкімі.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында тағы үш мемлекеттік мектеп ашылады. Олар «Шаңырақ» шағын ауданында 600 орындықты, Әкімшілік-Іскерлік орталықта 1200 орындықты және «Таскен» мөлтек ауданда 300 орындықты мектеп. Ал Әл-Фараби ауданы «Сәуле» шағынауданында орналасқан №76 мектеп жаңа оқу ғимараты, спорт залы, шеберхана және асханамен толықтырылды.

Пікір жазу