Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттік полицейлер «Назар аударыңыз-балалар!» акциясын өткізуде

Шымкенттік полицейлер «Назар аударыңыз-балалар!» акциясын өткізуде

Ағымдағы жылдың 1-30 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында «Назар аударыңыз-балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу болып табылады.
1 қыркүйектен бастап Полиция департаментінің қала мектептерінде құқық тәртібін сақтауға бекітілген жауапты қызметкерлері жұмысын жалғастыруда.
Сондай-ақ, жаңа оқу жылынан бастап қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқу орындарына жақын маңдағы қосымша бекеттер мен патрульдеу бағыттары қойылды.
Балаларды жолдан қауіпсіз өту мақсатында Шымкент ҚПД Ювеналды полиция инспекторлары, өткен жылдағыдай, күн сайын қала мектептерінің жанында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерінде кезекшілік етуді жалғастыруда.
1 қыркүйекте «Назар аударыңыз-балалар!» іс-шарасы шеңберінде мектеп жиналысынан кейін Ювеналды полиция инспекторлары бастауыш сынып оқушыларымен балаларды жол қозғалысы қауіпсіздігіне және жолда жүру дағдыларына үйрету бойынша сабақтар өткізді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікір жазу