Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-ҚАЙЫРЛЫ ІС!

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-ҚАЙЫРЛЫ ІС!

Қайырымдылық-қайырлы іс. Мектепке жол акциясының аясында атқарылып жатқан шарадан Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Сүлейменов те қалыс қалмады. Халық қалаулысы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, алғысқа кенелді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ұ.Нұрмаханның  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Шымкент қаласындағы №24 жалпы орта мектепте білім алып жүрген оқушылардың басым бөлігі көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды құрайды. Білім ордасына жиі келіп тұратын ел азаматтары балалардың жағдайымен танысып, қажеттіліктерін өтеп берді.

Мақпал Айтораева-көпбалалы ана Мектептің уақыты жақындап, әбіржіп отырған едік. Қайрат аға қарасып, қуанып қалдық. Былтыр да бір баламды киіндіріп берген. Алғысым шексіз. Ісіне табыс пен береке тілеймін

Жыл сайын әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардың жағдайына қарайласатын азамат бұл жолы  10 шаңыраққа қуаныш сыйлады. Халық қалаулысы берген қаражатқа балалар оқуға қажетті құралдар мен мектеп формасын сатып алды.

Қайрат Сүлейменов-Түркістан облыстық мәслихатының депутаты: Балалар қатарынан қалмаса екен деймін. Балалар қуансын. Үлкен азамат болып, халыққа қызмет етсе екен.

Қайрат Сүлейменов бұған дейін де қайырымды ісімен ел алғысын арқалап келген. Бұл жолы да ізінен ерген іні-қарындастарына қол ұшын созуды  өзінің  азаматтық борышым деп біледі.

Пікір жазу