Жолдау барысында мәдениет қызметкерлерін қолдау шаралары да атап өтілді.Бұл туралы Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиынында айтылды, деп жазады «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz».
Сонымен қатар Жолдауда квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыру қажеттігі айтылды. Бүгінгі таңда қалада 155 квазимемлекеттік сектор субъектілері бар. Одан бөлек, Президент шағын және орта бизнесті дамытуда бірнеше маңызды мәселелерге тоқталып өтті. 2020-шы жылдан бастап микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірленетін болады.
Сонымен қатар, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешім күшіне енетін болады. Бұл қаладағы 66 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс жасайтын 165 мың адамға көрсетілетін қамқорлық.
Жолдау барысында мәдениет қызметкерлерін қолдау шаралары да атап өтілді. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Қазіргі таңда қаладағы мәдениет саласындағы 18 мекемеде 1536 адам жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы олардың еңбекақылары 30 пайызға көбейді. Келесі жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тағы өсетін болады.