Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Шымкентте «Жолда қабылдау» акциясы өтуде, деп жазады «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі.

2019 жылғы 3 қыркүйекте сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін Шымкент қаласының Полиция департаменті басшылығымен Қаратау ауданы Сайрам елді мекенінде адам көп шоғырланған орындарда «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың ыңғайлығы үшін туындаған сұрақтарына 3-5 минутта жауабын беру, көмектесу, кеңес беру.

Акцияда әкімшілік практика, көші-қон, тіркеу-емтихан, азаматтық және қызметтік, қару айналымы қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мобильдік қабылдау жүргізді. Іс-шара барысында мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар автокөліктерді тіркеу, әкімшілік айыппұлдарды анықтау және оларды қалай қайда төлеу бойынша халыққа қызмет көрсетілетін қызмет түрлерін алды. Аталған акцияда 300-ден астам азамат жүгініп, өз мәселелерін шешіп, полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

Бүгін, 2019 жылғы 4 қыркүйекте сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін Шымкент қаласы Абай ауданы Жаңаталап елді мекенінде «Жолда қабылдау» акциясы жалғасады.

Пікір жазу