2019 жылдың 2 кыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған » Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жолдады. Жолдауды Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы ерекше ықыласпен қабылдап, ұжым арасында талқылады. Кітапхана қызметкерлері Жолдаумен толық танысып өзара талқылап, Президентіміздің бұл жолдауын Еліміздің өсіп-өркендеуіне нық сенімді қадам екенін атап айтты. Мемлекет басшысы елімізде болып жатқан барлық проблеммаларды ескеріп, оның шешу жолдарын өз Жолдауында айқындап берді. Жолдау барысында мәдениет қызметкерлерін қолдау шаралары да атап өтілді. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Кітапхана қызметкерлері әсіресе Жолдаудың арнайы бір тармағы мәдениет қызметкерлеріне арналғандығына ерекше қуанып, алғыс сөздерін жаудырып жатты. Оның ішінде жас мамандар өзіндік жеке пікірлерін айтып, бұл Жолдауды толығымен қолдап атсалысып жұмыла жұмыс жасайтындарын айтты.
Айта кетеік, қазіргі таңда қаладағы мәдениет саласындағы 18 мекемеде 1536 адам жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы олардың еңбекақылары 30 пайызға көбейді. Келесі жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тағы өсетін болады.