Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Конституция — кемелдік кепілі» құқықтық сағаты өтті

«Конституция — кемелдік кепілі» құқықтық сағаты өтті

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай еліміздің барлық аймақтарында мәдени-көпшлік шаралар ұйымдастырылды. Сондай тағылымы мол шараның бірі Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйытқы болуымен өткізілді.

Әлемдегі кез келген тәуелсіздік мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң Қазақстан Республикасында да ел тәуелсіздігімен бірге қабылданды. Ата Заң — аса беделді құжат. Қазақстан Республикасының  Ұлы Заңын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған «Конституция — кемелдік кепілі» құқықтық сағатына Шымкент қаласы, 6506 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты. Қазақстан Республикасы Конституциясы, мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктері туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сарбаздар кітапханадағы кітаптармен танысып, қазақтың қара домырасымен туған жер туралы әндерін шырқады.

Мұндай шаралардың жиі өткізілуі жастардың бойына патриоттық сезімін ұялатып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін одан әрі арттыра түсетіні анық.

Пікір жазу