Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында 30 — тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған «Әділеттің қайнары – Ұлы Заң» атты саяси сағат өтті. Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты — Ата Заңы. Еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат.
Конституция күні – Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық өмірінде мәні мен маңыздылығы жағынан ерекше орынға ие, халқымыздың ең жоғарғы дәрежеде атап өтетін басты мерекелерінің бірі болғандықтан оқушыларға Конституция туралы толық мағлұмат берілді. Оқырмандардың белсенділігі жоғары, саяси сағат барысында өз пікірлерімен бөлісіп, қызығушылықтарын білдіріп отырды.
Іс шара соңыңда викториналық сұрақтар қойылды, кітап көрмесімен таныстырылды.
Мұндай шаралардың жиі өткізілуі жастардың бойына патриоттық сезімін ұялатып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін одан әрі арттыра түсетіні анық.