Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «АСЫЛ МИРАС» орталығы ашылды

«АСЫЛ МИРАС» орталығы ашылды

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Болат Өтемұратов қорының «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

– Көптеген ата-аналар осындай орталықтың қажеттігін айтқан болатын. Сол өтініштерді негізге ала отырып, дертке шалдыққан балаларды емдеу орнын қаланың орталығынан ашуды дұрыс санадық, – деді қала әкімі.
Болат Өтемұратов атындағы қордың директоры Марат Айтмағанбетовтың айтуынша, бұл – елімізде жетінші қалада ашылып отырған орталық. 2015 жылдан бері орталықтарға 8 мыңнан астам аутизмге шалдыққан бала қаралған.

Екә мыңнан астамы тиімді бағдарламаларды толық аяқтап, ем қонған. Қазіргі таңда орталықтарға ем алуға жеті мыңнан астам бала кезекке тұр. Шымкентте ашылған жаңа орталықтың 6 бөлмесі балаларды дамыту және түзету құрал-жабдықтармен қамтылған.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов орталықты аралап көріп, науқас балалардың ата-аналарымен тілдесті. Орталық басшысымен әңгіме барысында ата-аналарға да психологиялық қолдау қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, Шымкентте 4000-ға жуық балаға аутизм диагнозы қойылған.

Орталықтың мекенжайы: Дулати көшесі, 36.

А.Керімқұлова

Пікір жазу