Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жолдағы халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға дайын.Шымкент қаласында Полиция Департаменті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «жолда қабылдау» акциясы өтуде. Бұл шара 19-20 шілде аралығында сағат 9:00-ден 19:00-ге дейінгі уақыт аралығында өткізілетін болады.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі А.Мәуленнің материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын арттыру. Жол қауіпсіздік ережелерін сақтауда басты назарда. Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету заңсыздықтың алдын алады. Азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру да басты мәселелердің бірі. Халықтың кез-келген уәжі мен сұрағына жауап беріп, мәселесін шешу үшін полицейлер бүгін гипер хаус сауда үйі маңына шықты.
Асылбек Әлиев — Шымкент қалалық әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары: – Акциямыз халықпен жұмыс істеу, халыққа қызмет көрсету. 4 жерде орынымыз бар. Дворовой, достық микрорайоынында автоцонда орынымыз бар және мынау гиперхаус. Өйткені мұнда халықтың көп өтуіне байланысты қызмет көрсетеміз. Біздің службалар халықты жүгірткізбей, бүкіл сұрақтарына жауап беру. Бізде штрафтары болса, әкімшілік құқық саласында, миграцияға, тергеуге байланысты сұрақтарыңыз болса бүкіл ішкі істер органдарына қатысты сұрақтарыңыз болса шешіп береді.
Әкімшілік полиция, көші-қон қызметі, криминалды полиция басқармасының қызметкерлері қатар отырып тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жол полициясы жүргізушілердің айыппұлдарын тексеріп берді.
Бұдан былай қаланың адам көп шоғырланатын жерінде қатар отырған полицейлерді көрсеңіз таңқалмаңыз. Олар сізге құқықтық көмек береді. Сондықтан өзіңізді мазалаған сауалды қоюыңызға болады. «Жолда қабылдау» акциясы Достық мөлтекауданында орналасқан арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы және «Солтүстік » және «Нұрсәт» , «4, 17» , мөлтекаудандарында өтуде. Сонымен қатар тәртіп сақшыларын Түркістан, Ә.Молдағұлова, Ш. Қалдаяқов, Кремлевская көшелерінде кездестіре аласыз. Ал, қала тұрғындары ұйымдастырылып жатқан акцияға дән риза.
Ару Жүсіпбекова – Шымкент қаласының тұрғыны: — Жұмыстан қайтып келе жатып жолдан Шымкент қаласы полициясының жол қабылдау акциясын көріп қалдым Гипер хаус ғимаратының жанынан. Сосын милиця қызметкерлеріне өз уәжімді айтып, осы жақын арада баспасөз қызметімен бірге шешіп беретін болды. Осындай акция ұйымдастырып жатқанына ризамын.