Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КӘСІПОДАҚТЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРЫ

КӘСІПОДАҚТЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРЫ

Жастар рухани жағынан жан-жақты біліммен сусындауы тиіс. Бұл бағытта Қазақстанда қолға алынған іс-шаралар көп. «Сала кәсіподағын жаңғыртудағы жастардың прогрессивті рөлі» . Осындай тақырыпта өткен республикалық семинар-тренингі жас көшбасшылардың өз имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі А.Мәуленнің  материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.

Салалық кәсіподақтың белсенді жұмысшы жастарына арналған «Сала кәсіподағын жаңғыртудағы жастардың прогрессивті рөлі» семинар-тренингі «Дара жол» жобасы аясында  іске асуда. Жоба Батыс өңірі үшін Атырау қаласында, Шығыс және Солтүстік өңірі үшін Қарағанды қаласында өткізілген. Ал, Оңтүстік өңірі үшін Шымкент қаласында ұйымдастырылды. Бұл бойынша жастар өздерінің әлеуметтік жобасын ұсынатын болады. Және оны өз жұмыс орнында жүзеге асырады. Үздіктер   6 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында анықталады.

Ақнұр Бекназар – ұйымдастырушы: – Жастардың бәрі белсенді әрқайсысы өздерінің жобаларын ұсынып жатыр. Бүгін қазір жастар жобалар жасайтын болады. Әлеуметтік жобасын өз жұмыс орнында жүзеге асырады. Ең үздік жобаларды біз желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында жинап жастар слетінде, жаңа есім деп марапаттайтын боламыз.

Аталмыш іс-шараға Қызылорда, Алматы Түркістан облысының және Шымкент, Тараз қаласынан  30-ға жуық жас қатысуда. Семинарға қатысушылардың жас мөлшері 18-35 аралығында. Бұл тренинг жастармен және жастар ұйымдарымен тығыз жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Досбол Разах – семинарға қатысушы: – Кешеден бері болып жатқан осы семинар-тренинг қатысушыларға көптеген мүмкіндіктер беріп жатыр. Көптеген білім алып жатырмыз, идеяларымызбен бөлісіп, қандай үлес қоса аламыз, қандай пайда ала аламыз сондай мәселелерді талқылап, жақсы семинар өтіп жатыр.

Қатысушыларға 2 күн бойы бірнеше бағыт бойынша дәріс өткізілді. Семинар соңында жастарға сертификаттар табысталды.

 

 

Пікір жазу