Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент жоғары медицина колледжінде «Шымкент – адалдық алаңы» жобасының аясында колледж студенттері және оқытушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың санасына адалдық пен әдептілік қағидатын қалыптастыру, сонымен қатар, қоғамның белсенді бөлігі жастарды жобаның құрамына тарту.
Кездесуде колледж оқытушылары заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі басымдықтары, жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған Агенттіктің бастамасымен қолға алынған жобалармен колледж қызметкерлерін, студенттерді таныстырды. Жиын барысында колледж студенттері сыбайлас жемқорлық және оның алдын алу жайында бірнеше ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кездесуді колледж директоры Сейітжамал Пакеев қорытындылады.
Жоба аясында жемқорлықтың алдын алу, болдырмау адалдық пен әдептілік қағидатын қалыптастыру бағытында басталып жатқан жұмыстарына сәттілік тілейміз. Мұндай шаралардың өскелең ұрпаққа берері мол әрі жиі ұйымдастыру арқылы жастардың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыра алады.
Асхат Әссандидің фоторепортажы