Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы №66 жалпы орта мектебінде «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелердегі бос жұмыс орындары және солтүстік өңірлердегі жұмыс берушілерден жұмыс орындары ұсынылып, қоныс аударуға ниет білдірген азаматтардан өтініштер қабылданып, сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2500 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Өңіраралық жәрмеңкеде келесі облыстар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды:
1. Шығыс Қазақстан облысы – 1079 бос жұмыс орны;
2. Солтүстік Қазақстан облысы – 1196 бос жұмыс орны;
3. Павлодар облысы – 878 бос жұмыс орны;
4. Қостанай облысы – 392 бос жұмыс орны.
Жалпы, жоғарыда аталған облыстарға аспаз, тәрбиеші, мұғалім, дәрігер, медбике, көлік жүргізуші, дәнекерлеуші, механизатор, электрик, тракторшы, агроном, психолог, есепші және т.б.мамандықтар қажет. Солтүстікке көшіп барған отбасының әрбір мүшесіне 88 мың тг.көлеміндегі бір реттік жәрдемақы беріледі. Мәселен, СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда аумағы 70 шаршы метр болатын 36 үй салынып жатыр. Аталған баспаналар көшіп барған отбасыларға 5 жылға жалға беріледі. Ай сайынғы төлемақысы 7-9 мың теңге. Бес жылдан кейін үйді жекешелендіріп алуға болады.
«Еңбек» бағдарламасы бойынша толық мағлұматты Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады.
(Ә.Ә.)
(Асхат Әссандидің фоторепортажы)