Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ!

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ!

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен қаламыздағы Политехникалық колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Этностар күні мен тілдері мерекесі» аясында «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, ұстаздар мен жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді «Ынтымақ» этнобірлестігінің төрайымы Г.Төлепова ашып берді. Дөңгелек үстелде Шымкент Политехникалық колледжі Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің оқытушысы Зауре Маханованың және бірқатар ұстаздардың баяндамалары тыңдалды.

«Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында өткен «дөңгелек үстелдің» мақсаты — мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін көтеру және оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, сонымен қатар, патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт – дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

 

(Ә.Ә.)

(Асхат Әссандидің фоторепортажы – 05)

Пікір жазу