Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналасуға көмектеседі. Кешенді шаралар 3 бағытты құрайды.
Біріншісі – көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақыны ұсыну, бұл ретте көп балалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады. Сонымен қатар, бұл көп балалы аналардың материалды жағдайына және әлеуметтік статусына қарамай авторитетін мойындау болып табылады және елімізде бала туу көрсеткішін жоғарылатады.
Шымкент қаласы бойынша 29 137 көп балалы отбасы бар, ал АӘК алатын 65 536 (324 877 адам) отбасының ішінде 17 943 (116 720 адам) көп балалы отбасылар немесе 44%-ы.
Сондықтан көп балалы отбасылар үшін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақы енгізіледі.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына тәуелді болмайды және барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді.
Бұл төлемнің мөлшері отбасындағы бала санына байланысты дифференциалды болады, орта есеппен әр баларға 10-11 мың теңгені құрайды, және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған жәрдемақының мөлшерінен 4-7 есе артық болады.
Бұл көп балалы отбасыларға қосымша қолдау болады.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз хатшылығы