Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІҢ ҮШ БАҒЫТЫ — 2

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІҢ ҮШ БАҒЫТЫ — 2

Атаулы әлеуметтік көмектің екінші бағыты  – аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру.
АӘК аз қамтамасыз етілген, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленеді.
Критерийі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы деңгейінде қалады.
АӘК мөлшері бұрынғыдай жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% арасындағы айырма ретінде төленетін болады. Бұл ретте, табысы жоқ отбасылар биылғы жылғы мөлшермен бірдей алатын болады.

Ең басты шарттардың бірі – отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Біз ол үшін АӘК шартты ақшалай көмек түрінде көмек көрсетеміз және бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталатын «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасының потенциалын максималды қолданамыз.
Біз оларға бос жұмыс орындарға, мемлекетпен субсидияланатын жұмыс орындарға жұмысқа орналасуды, өз бизнесін ашу үшін жеңілдікпен микро кредит және қайтарымсыз гранттар алуды ұсынамыз.

*Көп балалы отбасыларды шағын және кіші, соның ішінде үйде бизнеске тарту құралдарын ендіру бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу:

— микрокредит мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту;

— үстемақының номиналды жарнасын 4%-ға дейін төмендету;

— тұрып жатқан жеріне қарамастан (қала/ауыл) берілетін
микрокредит соммасы бойынша шектеулерді алып тастау;

— аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту бойынша нысаналы индикаторын бекіту (микрокредит, грант беру).

Бұның барлығы отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамту шараларынан бас тартатын болса, онда АӘК тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға тоқтатылады.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз хатшылығы

Пікір жазу