Атаулы әлеуметтік көмектің үшінші бағыты — барлық АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакетті ұсыну.
Аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі.
Пакет:
— Мектепке жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері (323,4 мың балаға 5 302 теңгеден);
— Мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу (ыстық тамақ: күніне 300 теңгеден 480 мың балаға 6 628 теңге, жолақысы: 222 мың балаға 2 069 теңгеден, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері: табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40% аспайтын 245 мың балаға 25 000 теңгеден).
1 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке жастағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында келесі тауарлар ұсынылады:
— гигиена құралдары, тоқсанына 1 рет 1774 теңгеге (балалар тіс пастасы, тіс щеткасы, балаларға арналған гипоаллергенді крем, сусабын, кір сабын және кір жуғыш зат);
— физиологиялық нормаларға сәйкес ғылыми-негізделген балалар үшін арналған азық-түлік жиынтығы, 4710 теңге ай сайын.Барлық өнімдер мен гигиена құралдары ай сайын 5302 теңгеге тең болады.
Сонымен бірге, біз кепілдендірілген пакетте медициналық көмек, оның ішінде стоматологиялық көмек көрсетуді тағайындамаймыз, өйткені 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмектің және жалпы медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлемі бойынша, барлық балаларға, олардың табысы аз немесе аз екендігіне қарамастан беріледі.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз хатшылығы