Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН -ЧЕХИЯ БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН -ЧЕХИЯ БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласына Чех Республикасы Парламенті депутаттары Палатасының Төрағасы Радек Вондрачек бастаған делегация келді. Құрамында чехиялық 17 компанияның өкілі бар делегацияның қатысуымен «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде ҚАЗАҚСТАН-ЧЕХ бизнес-форумы өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Форумға Чехия Республикасы Парламенті депутаттары Палатасының Төрағасы Радек Вондрачек, ЧР Өнеркәсіп Одағының президенті Ярослав Ганак, ТМД елдері бойынша сауда-өнеркәсіп палатасының Басқарма Төрағасы Франтишек Масопуст және ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко, сондай-ақ, Шымкенттің кәсіпкерлері қатысты.

Форумды ашқан Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қонақтарға қошемет білдіріп, Чех Республикасынан келген делегацияның бұл сапары үшінші мегаполистің бизнес əлеуетін арттыруға тиімділігі зор екенін атап өтті.

«Чехия — Қазақстанның стратегиялық әріптесі. Екі ел арасындағы достық байланыс өте бекем. Өткен жылы Шымкентке мегаполис статусы берілді. Бұл — қаламызға инвестиция тартуда жаңа леппен жұмыс істеуіміз керек деген сөз. Шымкент — инвесторларға өте қолайлы қала. Себебі, климаты жұмсақ, жұмыс істеуге қолайлы. Оған қоса шаһарымыздағы сауда-логистикалық орталықтың қарқын алып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз», — деді Ерлан Қуанышұлы.

Чехия Парламенті депутаттары Палатасының Төрағасы Радек Вондрачек те ілтипатты тілегін жеткізді.

«Чехияда Орталық және Шығыс Еуропадағы машина жасау, көлік өнеркәсібі, қара металлургия, электротехника мен электориника, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, шыны және тоқыма өндірісі жақсы жолға қойылған. Біз қазақстандық әріптестерімізге мал шаруашылығында сапалы генетикалық материал әзірлеуде бірнеше тиімді жоба ұсына аламыз. Қазақстан – біздің Орталық Азиядағы сенімді серіктесіміз. Кез келген салада бірігіп жұмыс істейтін болсақ үлкен нәтижелерге жететінімізге кәміл сенемін», — деді Р.Вондрачек.

 

Пікір жазу