Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: КОМИССИЯ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІН ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРҒА ТАПСЫРДЫ

ШЫМКЕНТ: КОМИССИЯ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІН ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРҒА ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласы Асар шағынауданындағы қалалық балалар ауруханасының бактериологиялық зертханасында түсірілген фото-видеолар таяуда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған еді. Қоғамда қызу талқыға түскен тақырып бойынша комиссия тексеруі аяқталды.

Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына  сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Еске салсақ, 2019 жылдың 9 қазаны күні жоғарыда аталған зертханада аурухана қызметкерлері құтылардың жарамдылық мерзімі өткен жапсырмасын алып, оны жаңасымен ауыстырып отырғаны туралы айтып, түсірілген видео əлеуметтік желілерге тарап еді. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастығы Асхан Байдуалиев бұл істі басты назарға алып, 10 қазан күні тексеруді бастауға бұйрық берді.

Басқарма бастығының орынбасары Тимур Варзиловтың жетекшілігімен комиссия құрамында 9 білікті маман бактериологиялық зертханада 10-14 қазан аралығында бірқатар жайтты анықтады. Комиссия құрамына денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен бөлек құзырлы орган өкілдері де тартылды.

Комиссия тексеру қорытындысын шығарып, қалалық денсаулық сақтау басқармасы қорытындыны құзырлы мекемелерге ұсынды.

– Бұл – емдік препараттар емес, науқасты емдеу үшін қолданылмайды. Бұл тек бактерияларға зерттеу жүргізуге қолданылатын қоректік заттар. Дегенмен, саладағы мәселенің анық-қанығына жету барысына бей-жай қарамай, жан-жақты ойлап, ондағы қызметкерлерге де жанашырлық танытуды ескерткен азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Кімдерге қандай шара қолданылатыны туралы алдағы уақытта хабарлаймыз. Балалар ауруханасы менің бақылауымда болады, – деді басқарма басшысы.

Асхан Мархабайұлы бұл бағыттағы жұмыстар ашық өтетініне және ешқандай қызметкерге қысым жасалмайтынына уәде берді.

Фото: Серик Косаев

 

Пікір жазу