Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӘКІМ МЕН АҚЫН КЕЗДЕСТІ

ӘКІМ МЕН АҚЫН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Леубаеваны 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, арнайы қабылдады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кездесу барысында шаһар басшысы айтыс өнері мен руханият төңірегінде бірқатар мәселелерді айтып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ақындардың алар орны ерекше екенін атап өтті.

Ақмарал Леубаева 1969 жылы 10 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Ақбастау елдімекенінде дүниеге келген.

1988 жылдан бері айтыс өнерінде тер төгіп жүр. Ақиық ақын бірнеше рет республикалық және халықаралық айтыстарда жүлделі орындарды иеленген.

Кездесу соңында тараптар келесі жылы өтетін Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары мен тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту жайын да сөз етіп, алдағы уақытта Шымкентте айтыс өнерінің одан әрі дамуына бірлесе жұмылып жұмыс істеуге сөз байласты.

 

Пікір жазу