Шымкенттегі «Балалар моншада білім алып жатыр» деген мәселеге нүкте қойылды. Қазір ғимарат лабараториялық тексеруден өтіп, санитарлық талапқа сай, деп танылды. Даулы мәселеге Жергілікті «NUR OTAN» партиясының араласуымен оңды шешім шығарылған. Енді екінші тоқсаннан бастап оқушылар сол ғимаратта білім алуды жалғастырады.
Бұл туралы «Ońtústik арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұл жолғы даудың басы қаладығ №80-ші мектепте сынып жетіспеушілігінен туындаған. Білім ұясы 1500 балаға лайықталғанымен, 4 мыңдай оқушы білім алуда. Оның үстіне биыл 1 сынып табалдырығын аттағандар да жылдағыдан көп болған.
Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім саласын бақылау басқармасының басшысы: Мәселенің оң шешімін іздеген мектеп директоры жақын маңнан ыңғайлы нысан іздеп, ескі моншаның ғимаратын жалға алған. Кейін ата-аналар мен қоғам белсенділерінің наразылығы туындап, бұл орында білім алу тоқтатылған-ды. Қазір ғимаратта барлық стандарттарға сәйкес құрылыс жүргізіліп, мектеп ретінде пайдалауға рұқсат берілді.
Ералқасын Түктібай – Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы: — Ия, дайын мектеп, барлық лабараториялық тексеруден өтті. мектеп терезелері де күннің сәулесінің түсуі де жақсы.
Қазір 1000 балаға лайықталған мектептің спорт залы мен асханасын жабдықтау мәселесі қарастырылуда. Айта кетейік, Шымкенттегі 19 мектептің балалары үш ауысымда оқып жатыр. Биыл қалада 5 білім ұясы қолданысқа берілгенмен үш ауысым мәселесі бұрынғыша қалып тұр.Өйткені бала саны көп. Дегенмен білім басқармасындағылар туындаған қиындық ата-аналардың мектеп таңдауға еркіндік берілгенімен байланыстырып отыр.