Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!

Ардагерлерді ардақтайық! Осындай ұранмен «Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы, Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Қаратау ауданындағы №90 Жалпы орта мектебінде ардагерлер мен ақсақалдар арасында шахматтан жарыс өткізілді.


Жарысқа 30-тан астам қариялар қатысып, Шахматшылар сайысына демеушілік көрсеткен-Орынбеков Арман Шымбайұлы. Ұйымдастырушы — Талмен Бөріхан, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы — Тоқмағанбетов Асылбек Паметұлы, Рсалиев Қалдыбек Тазабекұлының демеушілігімен марапаттар табыс етілді.
Әуесқой шахматшылар арасынан: I орынды Нұрымбетов Алшынбек,
II орынды Ташев Рахматулла, III орынды Абдураймов Ырысқан иеленді.
Санаттылар арасынан: I орынды Ерімбетов Әбілқасым, II орынды Теңгебаев Сапарбек, III орынды Аблаев Махмут ардагерлер еншіледі.

Бүгінгі жарысқа қатысушы қариялардың басты мақсаты орын алу емес, өскелең ұрпаққа, жастарға үлгі болу. Жылына бір мәрте болса да мерекелерінде бір-бірімен қауышып, әңгіме-дүкен құру. Жарыс жеңімпаздары түрлі алғыс хаттар, кубоктар және сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу