Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Адалдық сағаты» акциясы аясында басқарма қызметкерлері мен «Nur Otan» партиясының Қаратау аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Сихамбекова Жансұлу Әбдіразаққызы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Қосалиева Жанар Шиналивна, сонымен қатар Қаратау ауданы әкім аппаратының бас маманы Самбетов Канатбек Рысбекұлы қатысуларымен кездесулер өткізілді. Кездесуде қатысушыларға адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім, сыбайлас жемқорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлықтың салдары мен жауапкершілігі туралы түсіндірме жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикасы, заңдар мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын орындау және өзге де мәселелер талқыланды.
Жалпы Адалдық дегеніміз не?
Мұның жауабын іздеуде әрине, адам бойындағы асыл қасиеттер еске түседі. Демек, асыл қасиет деп — еңбексүйгіштік, достық, әдептілік, шынайылық, адамдарға көмек беру, қоғамға қызмет ету, құрметтеу, жақсылық жасау, кішіпейілдік. Бұл қасиеттер — әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің шарты.
Адам бойында ізгі қасиеттер неғұрлым биік тұрса, ол адамның аты да, болмысы да жоғары болмақ және ол адам сымбатты да, парасатты көрінеді.
Осы бағыттағы әңгімелер мемлекеттік кірістер басұармасы мамандарымен кеңінен талқыланып, сұрақтар қойылып, пікір алмасты.