Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы негізінде, Шымкент қаласы әкіммен бекітілген жоспардың негізінде Қаратау ауданының еңбек ұжымына №3 қалалық емхана басшысының орынбасары Н.А.Баширова, Перинеталдық орталық басшысының орынбасары К.М.Назарханов, Қаратау ауданы мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Ш.А.Аязов, «Nur Otan» партиясы Қаратау ауданы филиалының бастауыш ұйымының мүшесі С.Ж.Абдразаковна және емхана қызметкерлерінің қатысуымен «Адалдық сағаты» өткізілді.
Шара барысында «Адалдық сағатының» шарасының мақсатын, яғни өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын, рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық мінез-құлық тәрбиелеу болып табылатынын айтты.
Жалпы, республика бойынша ұйымдастырылып жатқан «Адалдық сағаты» барысында жастарға және жас мамандарға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды.
Әрбір адамның парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушылар барлық сұрақтарға тыңғылықты әрі толыққанды жауаптарын алып, арнайы әзірленген бейнероликтер көпшіліктің назарына ұсынылды.