Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес бүгін «Көрме орталығы» ұжымымен «Адалдық сағаты» өтті. Кездесуде қоғам белсендісі, «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Мажинбеков Сәкен Аралбайұлы «Адалдық сағаты» туралы толық мәліметпен бөлісіп, өзінің жеке өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұжымға өскелең ұрпақ арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру принциптері, шынайы және адал еңбектің маңыздылығы және өркендеген қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары туралы айтып берді.
Сонымен қатар, адалдық – ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғамдағы өмірлік нормаға айналуы керек. Шынында да, өзіне, ісіне және қоршаған ортаға деген шынайы және адал қарым-қатынас – еліміздің жетістігінің басты факторы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту» Жолдауында Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын енгізуді ұсынды. Онда Елбасы тек еңбек арқылы ғана әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын қамтамасыз ете алатынын айтқандығын атап өтті.
Іс-шара барысында ұжым қызметкерлері тақырып аясында пікір алмасып, ойларын бөлісіп белсенділік танытты.