Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетелдік студенттермен кездесті

ШЫМКЕНТ: Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетелдік студенттермен кездесті

Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетелдік студенттермен кездесті, деп хабарлайды «ernur.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған «didarbek.kz».

ҚР аумағында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған кездесу Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті,  ОҚМПУ, «Silk way» Халықаралық университеті және Аймақтық әлеуметтік — инновациялық университеті, сонымен қатар, академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және «Мирас» университетінде ұйымдастырылып, шетелдік студенттер үшін көші-қон заңнамасына байланысты мәселелер бойынша ақпараттық — консультациялық семинар өтті. Сондай-ақ, кездесу барысында Полиция қызметкерлері шет ел студенттеріне көші-қон есебі, Қазақстан Республикасының аумағына келу және кету тәртібі, көші-қон картасы жоғалған жағдайда не істеу керек екендігі туралы және Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ал студенттер болса, өз кезегінде көкейде жүрген сұрақтарға жауап алды.

Пікір жазу