ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қалалық қан орталығында» «Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Жалпы, 18 жастан асқан, денсаулығы дұрыс, қайырымды, ең бастысы, адам өмірін сақтап қалуға көмегін беруге дайын кез келген азамат донор ретінде қан тапсырып, дәрігерлерден кеңес ала алады. Қан құю арқылы өмірді сақтап қалуға болатын ауру түрі өте көп. Бұған гемофилия, қан аздығы, бауыр қатерлі ісігі мен күйік алу т.б. дерттерді қосуға болады.
Аяқасты апат жағдайында немесе күрделі операция кезінде донор қанын құю қажеттілігі де жиі кездеседі. Әсіресе, донор қаны босанған ананың өмірін сақтап қалуға өте жиі қажет.
Айта кету керек, аталмыш акцияға Шымкент қаласындағы 105 мешіт имамдары, қалалық «Зекет» қоры, Жастар ісі секторы қызметкерлері мен мешіт жамағатары т,б. жалпы 300-ден астам адам қатысты.