Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ НЕТВОРКИНГІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУЫ» ЖОБАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫНЫҢ НЕТВОРКИНГІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУЫ» ЖОБАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Екі күнге жалғасқан нетворкингке 18-29 жас аралығындағы Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облысы және Шымкент қаласынан келген 200-ге жуық жас қатысты. Арнайы шақырылған спикерлер шараға қатысушы жастарға маңызды ақпараттар беріп, кеңірек пікір алмасты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шымкент қаласында қазақстандық спикерлердің қатысуымен «Bolashaq» Қауымдастығы жобасын жүзеге асыру аясында алғаш рет ұйымдастырылған шараға қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, белсенді жастар ұйымдарының жетекшілерімен, студент жастармен сұхбаттасты. Сонымен қатар, әкім жастардың ой-пікірін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Өз сөзінде қала басшысы жастарды масылдық психологиядан арылып, еңбекқор болуға, елдің дамуына өз үлесін қосып, белгілі бір іспен айналысуға шақырды.

«Жастар уақыттың кез келген сынағына, бәсекеге төтеп беруге дайын болуы керек. Егер біз бәсекеге қабілетті мемлекет боламыз десек, күн-түн демей еңбектенуіміз қажет. Сондай-ақ, өскелең ұрпақ біліммен қоса тәрбие мәселесіне де аса зейін қою керек. Себебі, білім мен тәрбие жемісті еңбектің қайнар көзі болып табылады»,-деді қала әкімі.
Кездесуде үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ресурстық орталықтары арасында әр сала бойынша маңызды тақырыптар талқыланды.

Айта кетсек, «Bolashaq» Қауымдастығы аталған жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты шеңберінде ұйымдастырып отыр.

 

Пікір жазу