Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНА ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНА ӨТУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, «Open Space» форматына көшіру және басшылар кабинеттерін әкімшілік ғимараттардың бірінші қабаттарына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл бастаманы қазіргі уақытта білім беру және денсаулық сақтау мекемелері белсенді қолдап, №5 орта мектептің әкімшілігі ғимараттың бірінші қабатында «Open Space» форматында жабдықталған кабинеттерге орналасты. Сондай-ақ, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-гимназияның басшылығы мектептің 1-қабатындағы ашық кабинетте азаматтарды қабылдауда.

Шымкент қаласының №1 емханасы мекемеде ашықтықты қамтамасыз ете отырып, өзінің жұмысын «Open Space» форматында бастады.

Айта кетейік, «Open space» форматы демократиялықты, корпоративтікті сақтау, құжаттармен жұмыс істеуді жеңілдету, ең бастысы, азаматтардың мәселелерін тез әрі жедел шешу сияқты артықшылықтарға ие. Сонымен қатар, «Ашық кабинеттер» призмасы арқылы ашықтық қағидаттарын пайдалану сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді тетігі саналады.

Жалпы, бүгінде Шымкент қаласы бойынша 7 денсаулық сақтау ұйымының басшылары әкімшілік ғимараттардың 1-қабатына көшсе, 68 білім беру мекемесінің директорлары кең кабинеттерін босатып, бірқатары мектеп ғимараттарының 1-қабатына орналасып, кезең-кезеңімен «Open Space» форматын енгізуде.

Пікір жазу