«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауына ие болған кәсіпорындарға ақпараттық тур ұйымдастырылды.
Ақпараттық турға қаламыздың тілшілерімен қатар Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де қатысты. Алдымен, журналистер «Lux Shoes «БК» ЖШС-нің фабрикасына барды. «Lux Shoes» БК» аяқ киім фабрикасы – Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы қатысушысы. Осы бағдарлама аясында несие мөлшерлемесінің тоғыз пайызын «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры Шымкент қаласы бойынша аймақтық филиалы субсидиялайды, қалған алты пайызын кәсіпкердің өзі төлейді.
Ерлер мен әйелдер аяқ киімін шығаратын фабрика тарихы 2018 жылдан бастау алады. Сауда белгісінің танымалдығының басты себебі: өнімнің жоғары сапасы мен бағасының қолжетімді болуында.
Фабрика жылына 60 мың жұп былғары аяқ киім шығара алады. Аяқ киім өндірісінде табиғи былғары, экологиялық таза материалдар мен отандық және импорттық өндірістің жиынтықтары қолданылады.
(Ә.Ә.)
(Асхат Әссандидің фоторепортажы)