«Nur Otan» партиясының бастамасымен елімізде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастарды тәрбиелеу мақсатында «Менің Туым – менің Отаным» атты республикалық акциясы басталған болатын. Акция республика бойынша жалғасып, үлкен қолдау тапқан еді.
Бүгін осы акция аясында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Шымкент Плаза» ойын-сауық, сауда орталығында Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өткізілді.
Елімізде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткен республикалық патриоттық акциясына «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев жəне қала мəслихатының депутаттары, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, мемлекеттік мекеме басшылары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Сауда орталығына келуші қала тұрындары мен қонақтары да патриоттық акцияға қатысып, белсенділік танытты.
Ия, қазақ елінің байрағы әр шаңырақтың төрінде тұрса да жарасады.
Желбірей бер, қазағымның байрағы!!!!
(Асхат Әссандидің фоторепортажы – 06)