Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ

Шымкентте қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтуде. Шара «Рухани жаңғыру»бағдарламасы және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырылып отыр. «Дәстүрлі қолөнерді қолдайық» атты жәрмеңкеге қолының қиюы бар 50 шебер қатысып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеді.

Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгін таң сәріден көрме орталығына ағылған жұрттың қарасы қалың. Келушілер ұлттық нақыштағы бұйымдарды тамашалап қана қоймай, сатып алып жатты. Төмен бағадағы қазақы бұйымдар көптің көңілінен шыққаны анық. Әсіерсе, Бәйдібектен келген «Шеберлер» отбасының бұйымдары эсұранысқа ие болып жатты.

Марина Мәлікова – қолөнер шебері: Бәйдібектегі Жамбыл орта мектебінен келдік. Ұлттық колөнер бұйымдарымызды ала келдік. Халық қызықтап көріп жатыр. Көп сатылып жатыр.

Көрме-жәрмеңке «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген қазақ нақылын толықтырғандай. Бұл күні атадан балаға мирас болған құнды жәдігерлеріміз насихатталды.

Ғибадат Нажмеденов – «Көрме орталығы» МКҚК директорының орынбасары: Жыл сайын өткізіледі. Биыл бірнеше жас таланттарды тартуға тырыстық. Олардың мынау шығармашылығын насихаттауды көздеп отырмыз.

Шараның негізгі мақсаты жергілікті қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету. Әрі олардың шығармашылығын дамытуға серпін беру. Сондай-ақ, «Ұлы даланың жеті қырын» ұлттық

 

Пікір жазу