Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «STEP BY STEP» ТЕХНОЛОГИЯСЫ

«STEP BY STEP» ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Шымкентте «Step by step» қоғамдық қорының бастамасымен ерекше семинар-практикум өтті. Онда мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ететін 100-ден астам педагогтар мен әдіскерлер қатысты. Сонымен қатар, жиында оқулықтар көрмесі де ұйымдастырылды.

Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі П.Ортайқызының материалына қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгінде заман ағымының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жаңа талап-міндеттер қойылуда. «Step by step» технологиясының ең басты ерекшелігі — әр балаға деген  жеке-дара көзқарас.

Балабақшадағы балалардың жан-жақты, рухани бай, әрі мәдениеті жоғары қалыптасуына ықпал етеді.

Фатима Оразбекова – «Жанель» балабақшасының әдіскері:  «Педагог» орталығы мен «Step by step» орталығына өз алғысымды білдіремін. Осындай семинарлар көп септігін тигізеді. Сонымен қатар, көрме ұйымдастырып жатыр. Өз орталықтарынан шыққан кітаптар бар.

Тәрбиешілер мен ата-аналар бірлескен бағытта жұмыс істейтін қоғамдық қор облысымыздың барлық аймақтарында тегін семинар-практикум өткізіп келеді. Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітаптармен көрме де ұйымдастырылған.

Бақытгүл Ноғайбекова — «Step by step»  қоғамдық қорының директоры: Бүгінгі семинар-практикумның ерекшелігі – тегін өтіп жатыр. Және мұнда 100-ден астам Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйым педагогтары келіп отыр. Оның ішінде меңгерушілер, әдіскерлер қатысып отыр. Бұның алдында Түркістан облысының аудандарында өткізген болатынбыз. Және алдағы уақытта Түлкібас, Сайрам аудандарын жоспарлап отырмыз. Келесі айда Тараз, Қызылорда қалалары қамтылады.

Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесіне, оқытуына жағдай жасауда «Step by step»технологиясының  тиімділігін алынған нәтижелер дәлелдейді. Бірнеше балабақшада «Отбасы бөлмесі», ал мектептерде «Шаңырақ» ата-аналар Университеті жұмыс жасайды. Балабақшаларда өткізіліп отыратын «100 күн», «Ашық есік» күндері, «Апта баласы» шаралары ынтымақтастықта жұмыс жасаудың ең тиімді көзі болған.

 

Пікір жазу