Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҚҰБЫРЫН ТАЗАЛАП БЕРДІ

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРДЫҢ ҚҰБЫРЫН ТАЗАЛАП БЕРДІ

Шымкенттің іргесіндегі «Көксай» шағын ауданындағы  жер үйлер ескі саманнан тұрғызылған, мұндағы тұрғындардың дені пеш жағады. Олар жылыту құралын пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамайды, дейді төтенше жағдай қызметкерлері. Статистикаға сүйенсек, өрттің 70% жеке сектордағы үйлерде кездеседі. Жыл басынан бері 5 адам қайтыс болған.

Нұрболат Дербісов – Шымкент қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы:  Әр түрлі қайғылы оқиғаға тап болып жатамыз. Негізгісі осы тұрғындардың салғырттығынан орын алады. сондықтан мына халыққа төтенше жағдайдың алдын алуға шақырамыз.

Құтқарушылар бұл жолы тұрмысы төмен отбасыларға жадынамаларды таратып қана қоймай, көмек көрсетуді де ұйғарыпты. Олар әуелі үйлердің шатырына шығып, мұржаларды тазалады. Сосын үй ішіне кіріп, пештерін тексерді. Сондай-ақ жағымсыз иіс шыққанда дыбыс беретін арнайы құрылғыны тегін  орнатып берді. .

Қайрат Сәрсенбаев – Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің  бастығы: Жағдайы төмен отбасылар бізде есепке алынған. Жалпы қала бойынша 1294 отбасы бар. Осы жанұяларды аралап, жылыту маусымы алдында алдын алу жұмыстарын жүргізіп, көмек көрсетіп жатырмыз.

Көксайда көп жылдан бері тұратын Айкен Әбілтаевның үйіндегі жылыту құралында да ақау болған. Өткен жылы қыстың көзі қырауда мұржа толып, үйдің ішін түтіп басып қиналған.

Өткен жылмен салыстырғанда қалада биыл өрт оқиғасы жиілеген. Қызыл жалынға оранған тек тұрғын үй емес, автокөліктерде жетерлік. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлер бірлесіп, жүргізушілер мен жолаушыларға өрттің алдын алу және алғашқы көмек көрсету жұмыстарын жіті  түсіндірді.

 

 

Пікір жазу