Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Шымкент қаласында әлеуметтік желідегі коммуникациялық менеджмент бағытында семинар — тренинг өтті.

Шымкент қалалық полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының қызметкерлері 2019 жылдың 23 қазанында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында өткен семинар — тренингке қатысып, білімдерін шыңдады. Мұндағы мақсат — полиция қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жандандыру, әлеуметтік желілер арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Семинарға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының басшысы А.Есенгелдина, сондай-ақ, мемлекеттік органдарының баспасөз хатшылары мен қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы, медиа-тренер Ақерке Берлібай жүргізген тренинг аясында әлеуметтік желіні тиімді қолдану, әлеуметтік желінің мақсатты аудиториясы, контент — маркетинг, строителлинг тақырыптары бойынша сұрақтар талқыланды.

Пікір жазу