Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиал басшыларымен, Одақ мүшелерімен кездескен жиында бірқатар мәселе талқыланды.
Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ал БАҚ өкілдерінің басқосуына қатысқан «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов бүгінде журналист-блогерлермен тығыз байланыста түрлі бастамалардың қолға алынғанын айтты. Б.Нарымбетов министрлікте, кейін жергілікті ішкі саясат басқармасында да БАҚ өкілдерімен тығыз жұмыс істегенін еске салды. Сондай-ақ, биыл «Nur Otan» партия жанынан құрылған комиссия мүшелігіне журналистер тартылғанын, БАҚ өкілдері үшін арнайы алаң ашылғанын баяндады.
Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығының директоры Бекен Қоныс кез келген БАҚ өкілінің ақпарат алуына жағдай жасалғанын айтты.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы деген атауы ғана бөлек журналистер қауымы бұдан кейін қоғамдық мәселелер, мемлекеттік бағдарламаның орындалуы, өңірлердің дамуы және «БАҚ туралы заң» мен «журналистерге статус беру» тақырыбында қызу пікір алмасты.
Азат Дидарбектің фоторепортажы