ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Шымкентке іс-сапармен келді. Д.Нұрашұлы алдымен ҚМДБ қарасты орталық мешітке ат басын бұрып, қала имамдарының жұмысымен танысты.
Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі М.Кенжебайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
– Шымкент қаласында 104 мешіт бар. 68 имамға ресми жалақы тағайындалған. Орталық мешітімізге 5 мың адам сыяды. Мұнда келушілерге толық жағдай жасалған. Коммуналды төлемдер жеке кәсіпкерлердің есебінен төленеді. Ай сайын діни мониторинг жүргізіп отырамыз, — деген ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев мешіт жұмысымен таныстырды.
Бұдан кейін Данияр Есин бастаған топ Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» кеңсесіне бас сұқты. Кеңсенің жетекшісі Зәуре Оралбаева Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында атқарылған жұмыстарға, жаңалықтарға тоқталды.
Дәстүрді дәріптейтін «Дәстүрім — асыл қазынам», «Ұлттық киімдер» атты қос кітаптың жарық көргені айтылып, өлкетануға, киелі жерлерге байланысты баспадан шыққан басқа да анықтамалықтар таныстырылды. «Киелі жерлер географиясы» бейролигі көрсетілді.