Шымкентке келген Қазақстан Республикасы вице — министрі Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы «Асар» шағын ауданының тыныс — тіршілігімен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
«Асар» тұрғындарының аулаларындағы жылыжайларына кіріп, өсіріп отырған өнімдерін өз көзімен көрді.
Сондай-ақ, Б.Сапарбаев аталмыш шағын аудандағы 1200 орынды №89 мектеп-лицейіне арнайы ат басын тіреді. Онда оқушылардың үйірме — сабақтарына қатысып, мектеп жанында құрылған жылыжайларға кіріп, оқушылардың лабораториялық зерттеу жұмыстарымен танысты. Вице — премьер оқушыларға қоршаған ортаны аялап қорғау керегін айтып, олармен бірге лимон ағашын отырғызды.
Сонымен қатар, іс-сапар барысында Премьер-Министрдің орынбасары «Жылыжай құрылымдарын өндіру» зауытының ұжымымен жолығып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Бердібек Сапарбаев аталған зауыт ұжымына алдағы уақытта тың жобаларды игеруді айтып, елдің өркендеуіне үлес қосып отырғандары үшін өз ризашылығын білдірді.