Шымкентте «Өз үйім» бағдарламасымен 205 пәтер беріледі, деп хабарлайды didarbek.kz.
«Өз үйім» бағдарламасының біршама артықшылықтары бар. Біріншіден, мұнда тұрғын үйлердің бағасы нарықтағыдан төмен. Екіншіден, бағдарламаға облыстың барлық тұрғындары қатыса алады.
Мұнда мемлекеттік бағдарламадағы тәрізді меншіктегі тұрғын үйдің болуына қатысты шектеулер жоқ. Бағдарламаның үшінші артықшылығы – жылдық мөлшерлеме 3,5%-ға дейін төмендетіледі. Мысалы, 11 млн 284теңге тұратын бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін есепшотыңызға 5 млн 642теңге жинау қажет. Банк 3,5 %-бен қарыз береді және қарыз бойынша төлем айына 65 мың 823 теңгені құрайды, 8 жыл өткеннен кейін ай сайынғы төлем сомасы 41 мың 514 теңгеге дейін азаяды, — деп түсіндіріп өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Шымкент филиалы бөлімінің басшысы Нурлан Султанов.
Қазіргі уақытта банк аталған тұрғын үй кешеніндегі баспаналарды сатуды бастады. Алайда біздің Клиенттеріміз «Өз үйім» бағдарламасына қатысып және 2020 жылдың басында келесідей үйлерден баспана сатып ала алады. Ол үшін тұрғын үй кешенінен пəтерді таңдап, baspana.kz порталына кіріп, өзіңізге ұнаған пәтерді таңдап және өтініш бере аласыз.