«Өз үйім»бағдарламасы аясында Шымкентте ТҮҚЖБ салымшылары үшін 205 пәтер қолданысқа берілмек.
ТҮҚЖБ өз салымшыларына баспана сатып алу үшін 3,5% жылдық мөлшерлеме бойынша қарыз беруге дайын. Ол үшін есеп шотыңызда бастапқы жарнаның кем дегенде 50%-ы болуы тиіс.
Тұрғын үйді «Бақыт» жəне «Премьера» ТК-нен алуға болады. Кешен қала орталығы Бəйтереков көшесі, «Нұрсəт» мөлтекауданы мен «Премьера» тұрғын үй кешені «Нұртас» мөлтек ауданы, Майтөбе көшесі, 214 мекенжайындағы жаңа ықшам ауданда салынып жатыр. Құрылысты салушы компания «Композит-7» ЖШС. «Бақыт» т.к әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 200 000-320 000 теңге аралығында. Нысанды 2020 жылдың жаз маусымында қолданысқа беру жоспарлануда.
Айта кетейік, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» — тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесін жүзеге асырып отырған еліміздегі жалғыз банк. Банк Европалық құрылыс жинақ кассалары федерациясының (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағының мүшесі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі».