Шымкент қаласындағы ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ салымшылары 224 отбасы Мемлекеттік бағдарлама аясында ҚОНЫС ТОЙ ТОЙЛАМАҚ! Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз турында мәлім болды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтермек. Жалпы 13мың 879,2 шаршы метр қолжетімді баспана салынды. Жаңа үйлер қаланың Әкімшілік-іскерлік орталығы «Нұрсəт» шағын ауданында орналасқан. Мұндағы 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны 180 000 теңгені құрайды.
Баспаналар 50/50 қағидасы бойынша бөлінеді. Яғни пәтерлердің кем дегенде 50%-ы әкімшілікте кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді, қалған 50% пәтерлер кезекке тұрмаған тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқа да салымшылары арасында таратылады.
Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін әкімшілікте кезекте тұрған азаматтар да банкте салымшы атанып, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде есепшот ашып және қаражат жинақтауы тиіс.