Шымкент қаласында ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ салымшылары үшін салынып жатқан тұрғын үйлер үстіміздегі жылдың 30 қарашасында қолданысқа беріле бастайды. Бұл туралы банк қызметкерлерімен бірге аталған тұрғын үйлерге баспасөз турына қатысқан didarbek.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі жазады.
Алғашқы 224 пәтердің сатып алушылар пулына қатысу үшін өтінішті осы жылы 03 қарашаға дейін өтінім беруге болады. Қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бірден 4 тұрғын үй беріледі Құрылысты салушы нысандарды 2019 жылдың қазан айы соңында қолданысқа беруді жоспарлап отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысып және тұрғын үй сатып алу үшін ТҮҚЖБ есепшотында алғашқы жарна үшін пәтер құнының 20%-ы көлемінде қаражат болуы тиіс. 7,7млн теңге тұратын 1 бөлмелі пәтерді сатып алу үшін депозитке 1,5 млн теңге жинақтау қажет. Осыдан кейін банк жылдық 5% мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген қарыз береді, — деп, мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шымкент қаласы филиал бөлім басшысы Нұрлан Сұлтанов түсіндірді.
Пәтерді қолданысқа беру 2019 жылдың 30 қарашасында жоспарланғанын айтып өтті.