Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: 17 СТУДЕНТ БІЛІМ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ: 17 СТУДЕНТ БІЛІМ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Жаңа оқу жылында шымкенттік оқу орындары биылғы жылдың қарлығаштарын салтанатпен қарсы алуда. Осы орайда, қаладағы бірқатар оқу орындарында іс-шаралар өтіп, жаңа өмір белесіне аттаған жеткінектерге сәттілік тіледі. Осындай шаралардың бірі  Шымкенттегі Silkway халықаралық университетінде І курс жеткіншектерін студент қатарына қабылдау салтанаты өтті, деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жаппардың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

«Кел, студент, қосыл» атты мерекелік кеште сөз алған университет президенті М.Юнусов пен жоғары оқу орнының ректоры И.Ефимова студент жастарды құттықтап, оқуда сәттілік тіледі.

Жиын барысында бакалавр, магистратура және докторантура дәрежелері бойынша 17 студент университет президентінің білім грантына ие болды. Бірінші курс студенттері оқуда озат болып, оқу тәртібін сақтауға ант берді.

Айта кетейік, биыл университетке 3000-нан астам студент қабылданған. Оның ішінде 700-ге жуық жас Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келген.

Пікір жазу