Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ «ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

ШЫМКЕНТТЕ «ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Шымкент қаласында «Жұлдыз» индустриалық аймағы іске қосылмақ. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Дүйсебеков бұқаралық ақпарат құралдарының өкідерімен өткізген баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкентте 2 индустриалды аймақ және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс жасайды. Енді олардың қатары «Жұлдыз» индустриалды аймағымен толықпақ. Аймақ учаскелері толық жобалармен қамтылып, әрі қарай дамыту мақсатында 3-ші жаңа

Бүгінде «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды басталып кеткен. Жобада 2021-2013 жылдары 20 млрд.теңгеге 1 мың жаңа жұмыс орнымен 20 жоба жүзеге аспақ.
Жалпы индустриалды аймақтар құрылғалы бері бюджетке 10,9 млрд. теңге салық түсімі түскен. Оның ішінде 2019 жылдың 1 жарты жылдығында «Оңтүстік» индустриалды аймағы қатысушыларынан 1,3 млрд. теңге, ал «Тассай» индустриалды аймағы қатысушыларынан 96,8 млн. теңге көлемінде салық төленген.

Пікір жазу